Бүгін төрт қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін төрт қалада ауа сапасы нашарлайды
2445

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары бейсенбі күні қай қалада ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады.

"2019 жылғы 17 қаңтарда Балқаш қаласында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары сақталады, ал Астана, Қарағанды және Теміртау қалаларында күтіледі", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.