21 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

21 Қаңтар 2019, 08:15
2683
Бөлісу:
21 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін еліміздің басым аумағында ауа райы тұрақсыз болады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауады.

Оңтүстік-батыста жауын-шашын болмайды. Кей жерде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы мүмкін, жел  күшейеді.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді.  

Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде түнде тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-25 м/с күшейіп, күндіз бұрқасын болады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын болуы мүмкін.

Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болады. 

Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-23 м/с күшейеді. 

Алматы облысында түнде, Павлодар облысының кей жерінде  күндіз жел 15-20 м/с күшейіп, кей жерінде тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Алматы облысының  Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 30 м/с асу мүмкін.
 

Өзгелердің жаңалығы