Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

30 Қаңтар 2019, 14:14
3597
Бөлісу:
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. Синоптиктер 31 қаңтар мен 2 ақпан аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды.

"Өзбекстанда шоғырланған оңтүстік циклоны алдағы тәуліктерде Қазақстанның орталық аймақтарына жылжып, республиканың оңтүстік-шығыс, шығыс, орталық және солтүстігінде ауа температурасының жылынуына ықпал етеді. Бірақ жылумен бірге қар, бұрқасын, күшті жел, оңтүстік-шығыста жылбысқы қар, кей жерлерде тұман және көктайғақ болуы мүмкін" - делінген қазгидромет таратқан хабарламада.

Сонымен қатар, циклонның соңынан орталығы Карск теңізінде орналасқан суық антициклон келеді. Сондықтан уақытша жылымық аз уақытта суыққа ұласады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарында түнгі ауа температурасы минус 35…40 градусқа дейін төмендейді

Өзгелердің жаңалығы