Еліміздің бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды

13 Қаңтар 2019, 13:41
2595
Бөлісу:
Еліміздің бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Астана, baq.kz. Қазгидромет 13 қаңтарда бірнеше өңірде бұрқасын соғып, қатты жел тұрып, көктайғақ болатынын ескертті.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде жаяу бұрқасын жүріп, тұман түседі. Оңтүстіктен соққан желдің күші түнде кей жерлерде 15-20, күндіз кей жерлерде екпіні 23-28 м/с-қа жетеді.

 Петропавлда 13 қаңтарда жаяу бұрқасын болады. 

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын соғып, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Сондай-ақ, Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады. Оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. 

Маңғыстау облысы бойынша да кей жерлерде тұман түседі деп болжанады.

13-15 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. 13 қаңтарда күндіз, 15 қаңтарда тәулік бойы кей жерлерде оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.

Өзгелердің жаңалығы