Алдағы күндері ауа температурасы +37 градусқа дейін көтеріледі

26 Тамыз 2019, 15:58
2140
Бөлісу:
Алдағы күндері ауа температурасы +37 градусқа дейін көтеріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 27-29 тамызға арналған ауа райы болжамын жасады.

"Күнтізбелік жаз аяқталып келеді, бірақ жылы, ал кей жерлерде тек қысқа мерзімге ғана ыстық болып, Қазақстан территориясынан шегінеді. Солтүстік циклонның ықпалынан суық фронттармен еліміздің батыс, солтүстік, орталық және шығыс облыстарында екпінді желмен, найзағаймен жаңбыр күтіледі. Алдағы тәулікте ауа температурасы төмендейді, бірақ 29 тамызда қайта жоғарылауы болжанады", - делінген хабарламада. 

Синоптиктердің болжамына қарағанда, 29 тамызда оңтүстік және оңтүстік-шығыста найзағаймен жаңбыр болуы ықтимал, мұнда бұрынғыдай ыстық, күндіз термометрдің сынап бағаналары +28 - +37°С дейін көтерілетін болады.


Өзгелердің жаңалығы