Бүгін Астана мен Шымкентте ауа сапасы нашарлайды

16 Ақпан 2019, 09:56
2049
Бөлісу:
Бүгін Астана мен Шымкентте ауа сапасы нашарлайды

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары сенбі күні қай қалада ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады.

"2019 жылғы 16 ақпанда түнде Астана және Шымкент қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы