Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды

15 Ақпан 2019, 08:33
1695
Бөлісу:
Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары жұма күні қай қалада ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады.

"2019 жылғы 15 ақпанда Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Балқаш және Теміртау қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Өзгелердің жаңалығы