Ауа райына байланысты бірқатар өңірде дабылды ескерту жарияланды

22 Желтоқсан 2019, 17:42
1729
Бөлісу:
Ауа райына байланысты бірқатар өңірде дабылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның бірқатар аймағында дабылды ескерту жариялады.

23 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

23 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында қар жауады. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Ертең Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

23-25 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Ертең Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерінде бұрқасын болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.



Өзгелердің жаңалығы