Ауа райына байланысты бес өңірде республикалық жолдар жабық

23 Ақпан 2023, 11:06
812
Бөлісу:
Ауа райына байланысты бес өңірде республикалық жолдар жабық
Фото: aikyn.kz

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы бүгін сағат 9.15-тегі жағдай бойынша 5 өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар жолдар жабық екенін мәлімдеді,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жол қозғалысы шектелген учаскелердің жалпы ұзындығы - 1025 шақырым. 

Ақтөбе облысында «Самара-Шымкент» тасжолының Ақтөбе қаласынан Қарабұтақ кентіне дейінгі аралығында және БҚО шекарасынан Маржанбұлақ кентіне дейін; 

Алматы облысында «Екатеринбург-Алматы» тасжолының Жамбыл облысының шекарасынан Междуреченск кентіне дейін; 

Жамбыл облысында «Екатеринбург-Алматы» тасжолы, Бурылбайтал-Ақсуйек ауылдары арасында; 

Батыс Қазақстан облысында «Самара-Шымкент» тасжолының Жымпиты-Ақтөбе облысының шекарасы аралығы; 

Қарағанды облысында «Екатеринбург-Алматы» тасжолының Ақсу-Аюлы — Балқаш аралығында барлық автокөлік түрі үшін қозғалыс шектелді.

Өзгелердің жаңалығы