Ауа райына байланысты Ақмола облысындағы бірқатар жол шектеледі

Жолдар 15 қараша күні таңертең ашылады

 canva 14 Қараша 2026, 21:12
14 Қараша 2026, 21:12
99
Фото: canva
2026 жылғы 14 қараша сағат 19:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда жазғы дөңгелектермен жабдықталған автокөліктердің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі:
  • "Көкшетау – Атбасар" автожолының 0 – 184 шақырым аралығы (Көкшетау қ. – Атбасар қ.);
  • "Щучинск – Зеренді" автожолының 0 – 77 шақырым аралығы (Щучинск қ. – Зеренді а.);
  • "Астана – Көкшетау (айналма жолымен) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа Жол ө/п)" автожолының 232 – 302 шақырым аралығы (Щучинск қ. – Көкшетау қ.).

Жолды 2026 жылы 15 қараша сағат 10:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Наверх