Ауа райына байланысты 11 өңірде ескерту жарияланды

19 Ақпан 2021, 02:12
1203
Бөлісу:
Ауа райына байланысты 11 өңірде ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

19-20 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында қар жауады, кей жерде қар қатты жауатыны болжанады. 19 ақпанда қар аралас жаңбыр болады. Сондай-ақ, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысып, екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал. Ауа температурасы 2-7 градус жылы, кей жерде 2-7 градус аяздан 15-20, 20-25 градус аязға дейін күрт төмендеуі мүмкін. 

19 ақпанда Маңғыстау облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады. 

19 ақпанда Ақмола облысында жауын-шашын, кей жерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Жекелеген аумақтарда тұман, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Желдің жылдамдығы 23-28 м/с күшейеді. Ауа температурасы 2 градус аяз -3 градус жылы, кей жерде 9-14 градустан 16-21 градус аязға дейін төмендеуі мүмкін. 

19 ақпанда Қостанай облысының кей жерінде бұрқасын, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде 15-20, кей жерде 25 м/с жетеді. 

19 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Тұман, бұрқасын, көктайғақ болжанады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасы 1-3 градус жылыдан 15-17 градус аязға дейін күрт төмендейді және одан ары төмендеуі күтіледі. 

20 ақпанда Алматы облысында жауын-шашын, кей жерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. 

19-20 ақпанда тұман күтіледі. 20 ақпанда кей жерде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал. 

19-20 ақпан аралығында күндіз ауа температурасы 11-16, кей жерде 1-6 градус жылыдан 0-5 градус жылы, кей жерде 5-10 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі. 19 ақпанда Қызылорда облысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен батысқа ауысып соғады, күші кей жерде 15-20 м/с артады. Ауа температурасы 12-17, солтүстікте 5, оңтүстікте 20 градус жылыдан 10 градус аязға дейін күрт төмендейді.

20 ақпанда Жамбыл облысында жауын-шашын, кей жерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Сондай-ақ, тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 19-20 ақпанда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерде 15-20 м/с артады. 

19 ақпанда күндіз желдің екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан жоғары көтерілуі ықтимал. Күндіз ауа температурасы 20-25, кей жерде 10-15, солтүстікте 1-6 градус жылыдан 5-10 градус аязға дейін төмендейді. 

Күндіз 19 ақпанда Түркістан облысының кей жерінде қатты жаңбыр, күндіз 20 ақпанда таулы аймақтарда қатты қар жауады. Кей жерде тұман, көктайғақ күтіледі. 20 ақпанда тәулік бойы желдің күші 15-20 м/с, 19 ақпанда облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с артады. Таулы аймақтарда 30 м/с және одан жоғары жылдамдықта жел тұрады. 19-20 ақпан аралығында күндіз ауа температурасы 21-26, кей жерде 11-16 градус жылыдан 0-5 градус аязға дейін төмендеуі мүмкін. 

19 ақпанда Қарағанды облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерде тұман, бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с, 23-28 м/с дейін артады. 

19 ақпанда Павлодар облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерде тұман, бұрқасын, көктайғақ болжанады. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 23-28 м/с күшейеді. 

19 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында қар, кей жерде қатты қар күтіледі. Сонымен қатар, қар, тұман, бұрқасын болады. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, күші 23-28 м/с артады.


Өзгелердің жаңалығы