Ауа райы: «Қазгидрометтің» 8 қаңтарға болжамы

8 Қаңтар 2024, 08:14
954
Бөлісу:
Ауа райы: «Қазгидрометтің» 8 қаңтарға болжамы
Фото: архив

«Қазгидромет» ел аумағында 8 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің дерегіне қарағанда, бұрынғысынша ҚР аумағында атмосфералық фронттардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Жауын-шашын жауады, елдің солтүстігінде көбінесе қар бұрқасынмен, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында негізінен жаңбыр түрінде, солтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, түнде Қостанай облысының солтүстігінде қалың қар түсуі мүмкін. ҚР бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел күтіледі, - деп жазылған ақпаратта.

Абай облысының басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда күші 30 м/с және одан да жоғары жел соғады деп күтілуде.

Күндіз Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, таулы аудандарында кей уақыттарда күші 30 м/с және одан да жоғары болады.

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-шығысында күші 30 м/с және одан да жоғары болады.

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында кей уақыттарда күші 30 м/с және одан да жоғары деп болжануда.

Өзгелердің жаңалығы