Ауа райы: Күн суытады

29 Наурыз 2021, 11:58
1514
Бөлісу:
Ауа райы: Күн суытады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге, яғни 30 наурыз бен 1 сәуір аралығындағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Мәскеу аудандарынан антициклонның басып кіруі Қазақстанның көп бөлігінде ауа температурасының төмендеуіне, сондай-ақ жауын-шашынның біртіндеп тоқтауына әсер етеді.

Фронтальды бөліктердің әсерінен еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысында жауын-шашын болады. Еліміздің кей жерінде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді.


Өзгелердің жаңалығы