Ауа райы: Қандай республикалық жолдардың жабылғаны белгілі болды

10 Наурыз 2021, 09:19
1962
Бөлісу:
Ауа райы: Қандай республикалық жолдардың жабылғаны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының бұзылуына байланысты келесідей республикалық маңызы бар тас жолдарда қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Ақтөбе облысында:

автокөліктің барлық түрі үшін:

1.«Ақтөбе-Мартық-РФ шек.» автожолының 24-99-шақырымында, атап айтқанда, Сарыжар ауылы мен РФ шекарасы аралығындағы учаске.
2.«Самара-Шымкент» автожолының 526-618-шақырымында, атап айтқанда, БҚО шекарасы мен Қобда ауылының аралығындағы учаске.

Батыс Қазақстан облысында:

Автокөліктің барлық түрі үшін:

1. «Самара-Шымкент» автожолының 394-526-шақырымында, атап айтқанда Жымпиты ауылы мен Ақтөбе облысының шекарасы аралығындағы учаске.

Солтүстік Қазақстан облысында:

Автокөліктің барлық түрі үшін:

1. «Булаево-Возвышенка-Молодогвардейское-Киров-Қиялы-Рощинское» автожолының 0-228-шақырымында Булаево мен Рощинское ауылдарының аралығындағы учаске.
2. «Рощинское-Корнеевка-Волошинка» автожолының 0-87-шақырымында, атап айтқанда Рощинское мен Волошинка ауылдарының аралығындағы учаске.
3. «Волошинка-Сергеевка-Тимирязево» автожоляның 0-53-шақырымында, атап айтқанда Волошинка мен Сергеевка ауылдарының аралығындағы учаске.
4.«Тимирязево-Сарыкөл-Қостанай облысының шекарасы» автожолының 0-32-шақырымында, атап айтқанда Тимирязево ауылы мен Қостанай облысының шекарасы аралығындағы учаске.

Өзгелердің жаңалығы