Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады

7 Наурыз 2021, 09:05
1493
Бөлісу:
Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр және қар жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Тек еліміздің шығысында ғана күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, солтүстік-батыста және солтүстікте екпіні 23-28 м/с болады.

Қостанай, Ақтөбе облыстарында жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. 

Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, күндіз екпіні 25 м/с болады. 

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с болады, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. 

Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Атырау, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с-ке жетеді. 

Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, таңертең және күндіз көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Алматы облысының Алакөл ауданында жел 16-21 м/с-қа жейін күшейеді.

Өзгелердің жаңалығы