Ауа райы болжамы: 13 өңірде дауылды ескерту жарияланды

19 Қыркүйек 2023, 08:20
637
Бөлісу:
Ауа райы болжамы: 13 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Фото: архив

Еліміздің 13 облысында 19 қыркүйекте дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Ақтөбеде түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының шығысында тұман түседі деп күтіледі.

Павлодар облысының шығысында найзағай ойнайды деп болжанады, түнде облыстың оңтүстігінде тұман болуы ықтимал.

Қызылорда облысының орталығында, батысында найзағай ойнайды деп болжанады. Облыс орталығында, батысында солтүстік-шығыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с құрайды, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанады. Түнде және таңертең өңірдің солтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

 

Таңертең және түстен кейін Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында найзағай ойнайды деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында, шығысында тұман түседі деп күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнайды деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Күндіз облыстың шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15 м/с.

Таңертең және түстен кейін Ұлытау облысының солтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанады. Күндіз облыстың солтүстік-батысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Петропавлда күндіз найзағай ойнайды деп болжанады.

Таңертең және түстен кейін Қостанай облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Қостанайда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі, топырақ беті қатып, сынап бағаны 1 градус суыққа дейін төмендейді деп болжанады.

Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, таулы ауданы мен тау бөктерінде найзағай ойнайды деп болжанады, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұруы ықтимал. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы ауданы мен тау бөктерінде 15-20 м/с жылдамдықпен оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады. Шымкентте күндіз найзағай ойнап, күн бұлтты болады. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Өрт қаупі жоғары. Түркістанда күннің екінші жартысында найзағай ойнап, күн бұлтты болады деп болжанады. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Өрт қаупі жоғары.

Өзгелердің жаңалығы