Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

20 Қараша 2019, 20:00
1706
Бөлісу:
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 21-23 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстанға Карск теңізінен келген суық ауа массалары республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарында күннің суытуына себепші болды. Түңгі ауа температурасы 28...32° аязға дейін төмендесе, күндіз минус 18…23° жоғары болған жоқ, бұл орташа көпжылдық  мәннен 8…13°С төмен. Арктикалық суық фронт оңтүстік бағытта жылжиды, соған байланысты кей жерлерде қар, бұрқасын, солтүстік-шығыстан екпінді жел және Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында температура төмендейді. Ал солтүстік облыстарда Батыс Сібірдің солтүстігінен келетін кезекті кезекті циклонмен 22-23 қарашада аяздың беті қайтады, - делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы