9 ақпанға арналған ауа райы болжамы

9 Ақпан 2019, 09:24
2274
Бөлісу:
9 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Фото: BAQ.KZ

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" синоптиктерінің болжамына қарағанда еліміздің басым облыстарында фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады.

Солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және оңтүстіктің кей жерінде жауын-шашын жауады. Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 20-25 м/с күшейеді, кей жерде түнде тұман байқалады.

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерінде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с, Жамбыл, Қызылорда облыстарында көктайғақ болады.

Ақмола және Қарағанды ​​облыстарының кей жерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, жел 15-20 м/с дейн жетеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде бұрқасын болады. 

Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, Батыс Қазақстан облысында көктайғақ болады.

Өзгелердің жаңалығы