Ауа райы: 6 өңірде ескерту жарияланды

12 Желтоқсан 2022, 09:19
5198
Бөлісу:
Ауа райы: 6 өңірде ескерту жарияланды

12 желтоқсанда ауа райының бұзылуына байланысты «Қазгидромет» РМК бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлады BAQ.KZ.

Атап айтқанда, Павлодар облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, өңірдің солтүстігінде күші 15-20 м/с артады. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысы мен орталығында жаяу бұрқасын болжанады. 

Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, өңірдің солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с артады. 

Таңертең және күндіз Қызылорда облысының орталығында жел солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с құрайды. 

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, түнде батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. 

12-13 желтоқсанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұманды болады. Солтүстік-шығыстан жел соғып, өңірдің шығысы мен таулы аудандарында екпіні 25 м/с жетуі ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы