15 ақпанға арналған ауа райы болжамы

15 ақпанға арналған ауа райы болжамы
1376

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" синоптиктерінің болжамына қарағанда, еліміздің басым бөлігі төменгі қысым  аймағында және соған байланысты атмосфералық фронтардың ықпалында болуына байланысты жауын-шашын түседі, онтүстік-шығыста  қатты  жауын-шашын болады.

Республиканың оңтүстік және оңтүстік батыс бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшеюі мүмкін.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан,  Жамбыл облыстарының кей жерінде тұман, жаяу бұрқасын жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні 25 м/с,  Жамбыл облысының кей жерінде көктайғақ болады. 

Алматы облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшеюі мүмкін,  Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 25 м/с болады. 

Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман, күндіз желдің күші 15–20 м/с дейін жетеді, Батыс Қазақстан облысының кей жерінде көктайғақ болады. 

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерінде тұман, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерінде көктайғақ болуы мүмкін.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы