Іс алқабилердің қатысуымен қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстанда алқабилердің қатысуымен тұңғыш рет тікелей эфирде өткен сот шешімі жария болды. Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа бұрынғы әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатігездікпен өлтіргені үшін ең ауыр үкім – ширек ғасырға жуық бас бостандығынан айыру жазасы берілді.
Алқабилер алқасының үкімімен Бишімбаев жәбірленуші Салтанат Нүкенованы 2023 жылғы наурыз айының ортасынан бастап 9 қарашаға дейін кінәліге материалдық тәуелділікте болған адамға қатысты жүйелі түрде ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану арқылы дене және психикалық зардап шеккені үшін (ҚК 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы), сондай-ақ 09.11.2023 жылы Нүкенованы өлтіргені, яғни аса қатыгездікпен басқа адамды заңсыз қасақана өлтіргені (ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігі, 5-тармағы) үшін кінәлі деп танылды.
Бишімбаев қылмыстардың жиынтығы бойынша 24 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сотталушылардың кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, аудио-бейнематериалдармен, сараптамалық қорытындылармен және қылмыстық істің басқа материалдарымен дәлелденді, - деді судья.
Жаза мөлшері туралы мәселені судья мен алқабилер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 656-бабына сәйкес ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауысты ескере отырып шешті.
Айта кетейік, сот отырысында сотталушылар өз кінәларын мойындамады.