Атышулы "Гарант 24" жарнамасы Қарағандыда әлі ілініп тұр

3 Наурыз 2020, 05:22
1453
Бөлісу:
Атышулы "Гарант 24" жарнамасы Қарағандыда әлі ілініп тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда басқа қаладан келген ер адам "Гарант 24" компаниясының жарнама баннерін суретке түсіріп алған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.

Атышулы ломбардтың жарнамасын Жанболат есімді ер адам көрген. Оның қызметінің заңсыз екендігін, жетекшілерінің қамауға алынса да, компаниясының атауы әлі жарнамаланып тұрғанына таңғалған.

Қарағандыға басқа қаладан келіп, мына баннерді көріп, жағамды ұстадым. Оны алып тастау керек деп есептеймін. Бұл компания мыңдаған адамды жылатты. Әлі күнге ілініп тұрғаны - жергілікті атқарушы органдардың шалалығы, - деген сурет авторы.

Қарағанды әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер конструкция иесіне баннерді демонтаждауға кеңес берілгенін хабарлады. Бұл жарнама орнының иесі "Медиа Высот Монтаж" ЖШС  қызметкерлері баннердің 3 наурызда алып тасталатынын жеткізген.

Тапсырыс берушімен бұл жарнама бір ай ілініп тұрады деген келісім болған, ертең уақыты өтеді. Келісімшарт жасасу кезінде біз компанияның қандай екенін білмедік. Қала бойынша біз тек осы баннерді ілдік, - дейді компаниядағылар.

Полиция департаментінің өкілдері де бұл жағдайға қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, "Гарант 24" компаниясының өңірлік директорларына қатысты тергеу жалғасып жатыр. Соталды тергеу органы "Гарант 24" компаниясына байланысы бар барлық жарнаманы алып тастау бойынша хат жолдапты.

Еске сала кетейік, 21 ақпанда еліміздің бірнеше қаласында "Гарант 24" пен "Estate Ломбард" ломбардтарының салымшылары компания кеңселерінде шу шығарған. Кейін бірнеше қалада компания филиалдарының басшылары ұсталған еді.



Өзгелердің жаңалығы