Атыраулық бас дәрігер жағдайды одан әрі ушықтырмауды сұрады

7 Шілде 2020, 19:20
1494
Бөлісу:
Атыраулық бас дәрігер жағдайды одан әрі ушықтырмауды сұрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Инфекциялық стационардан шыққан жергілікті тұрғын аурухана палаталарын басқа науқастарға дайындап жатқан процесін бейнекамераға түсіріп, әлеуметтік желіге салған.

Вадим Барташевич есімді азамат өз парақшасында жазба қалдырған. 

Екінші облыстық ауруханада бос орындар бар. Адамдар ауруханаға жатып емделіп, арнайы аппарат арқылы дем алуды қажет етеді. Бірақ бұл жерде оларға көмек көрсететін маман тапшы, - деп жазып бірнеше бос палатаның бейнежазбасын жариялаған. 

Атырау облыстық екінші аурухананың бас дәрігері Мағжан Сиджановтың айтуынша, емделіп шыққан азамат жағдайлары жақсарып, амбулаториялық емдеуге ауыстырылған емделушілердің палатасын ұялы телефонының камерасына түсіріп алған көрінеді. 

Ол жерде дезинфекциялық және тазалық жұмыстары жүргізіліп жатқан. Қазіргі таңда аталған 30 палатаға "коронавирустық инфекция" диагнозы расталған облыстық ауруханадағы науқастар жатқызылуда. Аурухана штаттық режимде жұмыс істейді және медициналық қызметкерлердің жетіспеушілігі байқалмайды, - деп нақтылады Мағжан Ситжанов.

Медициналық мекеме басшысы 16 пациенттің бүгін палатаға орналастырылып, ем қабылдап жатқанын растады.

Екінші облыстық аурухананың жұқпалы аурулар стационарында барлығы 162 адам емделуде, - деп атап өтті Мағжан Сиджанов.

Медициналық мекеменің бас дәрігері жергілікті тұрғындардан әлеуметтік желілерде жалған ақпаратты таратпауды және өңірдегі тұрақсыз эпидемия кезінде жағдайды одан әрі ушықтырмауды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы