Атыраудың бас санитары қызметінен кетті

28 Шілде 2020, 17:50
2516
Бөлісу:
Атыраудың бас санитары қызметінен кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысының бас санитарлық дәрігері Сәдуақас Байғабылов қызметінен кетті. Енді ол астанадағы жұмысына қайта оралады.

Атырау облысына келген кәсіби вирусологтар мен эпидемиологтардың миссиясы (Нұр-Сұлтан мен Алматыдан) орындалды. Өңірде коронавирус инфекциясы бойынша жағдай тұрақтандырылды. Аймақтағы карантиндік шектеулер бойынша үгіт-насихат жұмыстарын және профилактикалық шараларды жалғастыру маңызды. Біз Нұр-Сұлтанға қайта ораламыз. Мен бұрынғы жұмысым - Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қызметімді жалғастырамын, - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Оны 13 шілдеде Атырауға коронавирустық инфекция бойынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында жіберген.

Өзінің айтуынша, екі аптаның ішінде аймақтағы COVID-19 жағдайын түзетуге барынша тырысқан.

Айта кетейік, Байғабылов 2020 жылдың 31 наурызынан бастап Көліктегі бас санитар дәрігер болып жұмыс істейді. Бұған дейін Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері қызметін атқарды. 2018-2019 жылдары Нұр-Сұлтанда Тауарлар және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментін (Астананың бас санитарлық дәрігері) басқарды.

Өзгелердің жаңалығы