Атыраудан жұрт жаппай кетіп жатыр. Жедел штаб түсінік берді

11 Сәуір 2024, 15:14
796
Бөлісу:
Атыраудан жұрт жаппай кетіп жатыр. Жедел штаб түсінік берді
VIDEO
Фото: скрин

Әлеуметтік желіде теміржол вокзалында түсірілген бейнежазба тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Кадрдан перрондағы адамдар легін көруге болады. Бейнежазба авторы жергілікті тұрғындарды адастырып, "тұрғындар қаладан жаппай кетіп жатыр" деген жалған ақпарат таратқан, - делінген хабарламада.

Кеше, 10 сәуір күні станцияға бір мезгілде төрт пойыз келді:

- Құлсарыдан вахталық жұмысшылар бар пойыз;
- Атырау-Құлсары бағытында бес вагоннан тұратын тегін пойыз;
- ⁠Ақкөл (Құрманғазы ауданы) бағытына жүретін пойыз
- Алматыға дейінгі пойыз.

Пойыздар жөнелтілгеннен кейін вокзал перрондары босап, жолаушылар жолға шықты. Қазіргі уақытта вокзалда ешқандай қарбалас жоқ. Тұрғындар арасында жалған ақпарат таратпауларыңызды және тек тексерілген деректерге сенулеріңізді сұраймыз, - деп хабарлады Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб.

Өзгелердің жаңалығы