Атыраудағы қамыс өрті әлі толық сөнбей жатыр

15 Маусым 2025, 23:56
585
Бөлісу:
 Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті
Фото: Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті

"Ақжайық" табиғи резерватының 20 гектарында өрт әлі тоқтатылмаған, деп хабарлайды BAQ.KZ 

Табиғи резреваттағы қамыс өртін сөндіруге "Қазавиақұтқару" АҚ су төгу құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы тартылды. Тікұшақпен тілсіз жау ошақтарына 27 рет, жалпы көлемі 81 тонна су төгілді. Қызыл жалынның елді мекендерге таралу қаупі жоқ, – деп мәлімдеді төтенше жағдайлар департаменті.

Өртті сөндіруге Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан және "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватынан 52 адам, 10 техника, сондай-ақ "Қазавиақұтқару" АҚ-ның тікұшағы жұмылдырылды.

Жалын шарпыған аумақта уақытылы ақпарат алмасу үшін командалық-штабтық автокөлік арқылы байланыс орнатылған.  

Айта кетейік, 13 маусым күні Атыраудан 15 шақырым жерде, Еркінқала ауылы маңында "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерваты аумағында шамамен 600 гектар аумақта қамыс өртеніп бастаған.

Өзгелердің жаңалығы