Атырауда жолаушы автобус жүргізушісін соққыға жықты

6 Наурыз 2024, 09:32
915
Бөлісу:
Атырауда жолаушы автобус жүргізушісін соққыға жықты
VIDEO
Фото: pixabay.com/ru

Қазақстанда автобус жүргізушісіне тағы да шабуыл жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ZTB мәліметінше, бұл жолы жолаушы автобус жүргізушісіне шабуыл жасап, соққыға жықты. 

Оқыс оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде таралды. Кадрларда ашуға булыққан жолаушының жүргізуші кабинасына барып, есігін ашып, сабап жатқанын көруге болады.

Өңірлік полиция департаменті осы жайтқа қатысты түсініктеме берді.

Қоғамдық автобуста 47 жастағы ер адам 49 жастағы жүргізушіні соққыға жықты. Қазір жүргізушінің қаншалықты жарақат алғанын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдіктіге қатысты бұзақылық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - делінген хабарламада.

Еске салсақ, мұндай жағдай елімізде бірінші рет болып тұрған жоқ. Былтыр 22 желтоқсанда Алматыда автобус жолаушысы әйел жүргізушіні ұрып, ол рөлді тізгіндеп бара жатып есінен танып қалған болатын. Салдарынан автобус аялдамадағы адамдарды және сол жерде тұрған көліктерді қағып кеткен еді. Қайғылы оқиғадан 3 адам ажал құшып, бірнеше адам жарақаттанды.

Өзгелердің жаңалығы