Атырауда жер қатынастары бөлімінің басшылары қамауға алынды

26 Қыркүйек 2023, 10:20
3128
Бөлісу:
Атырауда жер қатынастары бөлімінің басшылары қамауға алынды
Фото: Арман Мухатов - архив

Атырау облысында лауазымды тұлғалар алаяқтық жасады және өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Атырауда жер қатынастары, сәулет және Атырау қаласы әкімі аппаратының бөлімдерінің бұрынғы басшылары қамауға алынды.

Лауазымды тұлғалар жер учаскелерін бөлу және олардың нысаналы мақсатын анықтау кезінде алаяқтық жасады деп күдікке ілінді. Прокуратура бұл фактіні ҚК 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) және ҚК 361-бабы (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) бойынша тіркеді. Облыс прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етілуге жатпайды, - делінген прокуратура таратқан хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы