Атырауда Жастар театры ашылды

12 Қаңтар 2024, 06:40
392
Бөлісу:
Атырауда Жастар театры ашылды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Атырауда Жастар театры ашылды. Театрдың ашылу салтанатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейітова ресми тіркеу туралы құжатты тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Салтанатты шараға қатысқан елімізге белгілі мәдениет өкілдерінің қатарында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті режиссер Асхат Маемиров, Канн кинофестивалінің жүлдегері, танымал киноактриса Самал Еслямова, театр және кино актері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері Аян Өтепберген мен Асылхан Төлепов бар.

Жастар театры салтанатты шара барысында атақты жазушы-драматург Бернард Шоудың «Клеопатра» тарихи драмасын көрермен назарына ұсынды.

Театр 2014 жылы құрылған. Осы жылдар ішінде шығармашылық ұжым шетелдік фестивальдерге қатысып, табысты оралса, Атырау облысы мен еліміздегі өзге де өңірлердің тұрғындарын ерекше қойылымдарымен тәнті етті.

Айта кетейік, театр ұжымы 2021 жылы Қырымда өткен 23-ші халықаралық «Боспорские огони» ежелгі өнер фестивалінде Бернард Шоудың «Клеопатра» тарихи драмасымен бас жүлдені жеңіп алса, театр актрисасы Гайни Кукатова «Үздік әйел адам бейнесі» номинациясына ие болды.

Театрда 25 актер жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы