Атырауда жантүршігерлік жол апаты болды

Атырауда жантүршігерлік жол апаты болды
61482

Атырау қаласының маңындағы Еркінқала елдімекенінің маңында көлік апатынан кісі өлімі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Көлік апаты 29 қаңтар күні сағат 18:30 шамасында Атырау қаласының маңындағы Еркінқала елдімекенінің маңында болған. Мотоцикл мен КамАз көлігі соқтығысып, оқиға орнында мотоцикл тізгіндеген жүргізуші қаза болды. Жүк көлігі блок артып келе жатқан», – делінген хабарламада.

Қазіргі сәтте осы оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: aikyn.kz
Өзгелердің жаңалығы