Атырауда жаңа заманауи мал сою және сату кешені ашылды

2 Қазан 2022, 11:41
2158
Бөлісу:
Атырауда жаңа заманауи мал сою және сату кешені ашылды
PHOTO

Атырау қаласының Береке ауылында заманауи мал сою және сату кешені ашылды,деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа нысанның ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары, «Иманғали» мешітінің бас иманы, қала қонақтары мен тұрғындары қатысты.

Мал базарының негізгі ерекшелігі - ет сойып қана қоймай, оны сатуға мүмкіндік береді.

Бұл жоба заманауилығы мен және халал сертификатымен ерекшеленеді. Бұдан бөлек 35 адамды тұрақты жұмыспен қамтитын болады, - деді Атырау қаласының әкімінің орынбасары Ерболат Омаров.

Атырауда жаңа заманауи мал сою және сату кешені ашылды


Нысанның жалпы көлемі 1000 шаршы метрді құрайды. Тәулігіне 150 мал союға арналған кешенде 150 ұсақ малға, 150 ірі малға арналған қора салынған. 

Орталықтың ішінде малды сатып ғана қоймайды, оны жуып, тазалау қызметтері де қарастырылған.

Қазіргі таңда аталған мал базарда 15 адам жұмыс істейді. Кәсіпкердің айтуынша, алдағы уақытта 35 адамды жұмысқа қабылдауды жоспарлап отыр.

Өзгелердің жаңалығы