Атырауда ұйымдасып ұрлық жасағандар құрықталды

14 Қыркүйек 2023, 18:59
2313
Бөлісу:
Атырауда ұйымдасып ұрлық жасағандар құрықталды
Фото: Polisia.kz

Атырауда ұйымдасып ұрлық жасағандар құрықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

8 қыркүйек күні Атырау облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде Жылыой ауданының аумағында бағанаға ілінген электр кабельдерін жасырын жымқырып жүрген екі 26 жастағы, 25 жастағы, 24 жастағы аудан тұрғындарын анықтаған.

Сондай-ақ, 24 жастағы күдіктінің Газель автокөлігін тінту кезінде 7-8 қыркүйек аралығында жымқырылған шамамен 4 шақырым жоғары вольтты электр желінің кабелі тәркіленген.

Күдіктілерді жауаптау барысында жасаған әрекеттерін мойындаған, ұрланған кабельді Ақтөбе қаласында орналасқан темір металл қабылдау орталығына тапсырғандарын көрсеткен.

Қазіргі уақытта оларға қатысты 16 эпизодты қылмыстық іс басталып, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

Өзгелердің жаңалығы