Атырауда тұрғындарға 48 пәтерлік тұрғын үй табысталды

28 Тамыз 2023, 07:15
418
Бөлісу:
Атырауда тұрғындарға 48 пәтерлік тұрғын үй табысталды
Фото: gov.kz

Индербор кентінің «Көктем» ықшамауданында төрт 48 пәтерлік тұрғын үйді тұрғындарға табыстау салтанаты өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Салтанатты іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Әсет Оразғалиев ауыл тұрғындарын қоныс тойымен құттықтап, пәтер кілттерін табыстады.

Пәтер алғандар қатарында 106 – көп балалы отбасы, 69 – халықтың әлеуметтік жағынан осал тобы, 17-сі – ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар бар.

Өзгелердің жаңалығы