Атырауда тасқыннан зардап шеккендерге қандай әлеуметтік көмек көрсетіледі

11 Сәуір 2024, 12:44
211
Бөлісу:
Атырауда тасқыннан зардап шеккендерге қандай әлеуметтік көмек көрсетіледі
VIDEO
Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Тасқыннан зардап шеккендерге қандай әлеуметтік көмек көрсетілетіні туралы Атырау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Су тасқыны кезінде зардап шеккен аудандар мен қалалардың тұрғындары төмендегідей әлеуметтік қолдауға ие болады. Субсидияланатын жұмыс орындары, алғашқы жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыстар, жастар практикасы ақысы өзгеріссіз қалады. Еңбек мобильдік орталықтары жұмыс орындарынан ешқандай мәліметтерді сұратпай-ақ төлемдер төлейді. Бизнес идеялар, қайтарымсыз гранттарға 400 айлық есептік көрсеткішке өтінімдер қабылдау кейінге қалдырылады, - деді ол. 

Жастарға 2,5 пайыз жеңілдікпен берілетін несиелер кейінге қалдырылады. 

Екінші тоқсанға тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектер автоматты түрде жүргізіледі.

Өзгелердің жаңалығы