Атырауда тапаншамен қорқытып, ақша алған күдікті ұсталды

13 Қараша 2022, 17:01
8518
Бөлісу:
Атырауда тапаншамен қорқытып, ақша алған күдікті ұсталды
Фото: Фото: КазТАГ

Атырауда дүкен сатушысын тапаншамен қорқытып, тонап кеткен күдікті ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдікті 5546 әскери бөлімі жедел мақсаттағы батальоны жауынгерінің қырағылығымен қолға түскен.

Оқиға 12 қараша күні сағат 11:11 шамасында Атырау қаласының «Авангард» шағын ауданында орналасқан орман шаруашылығында болған. Күдікті сатушыны тапаншамен қорқытып, 208 000 теңге көлемінде ақшасын алып кеткен.

Осы жағдай бойынша жедел басқару орталығына хабарлама түседі. Кезекші 5546 әскери бөлімі жедел мақсаттағы батальоны жауынгерлік қамтамасыз ету ротасының взвод бөлімше командирі, аға сержант Нұрбол Жайлиев өзіне жүктелген міндетін атқаруға кіріседі. Ол MP-65K травматикалық тапаншасымен қаруланған А. есімді күдіктіні аз уақыт ішінде тауып, полиция бөлімінің қызметкерлеріне баяндаған. Полиция кезекшінің көрсеткен мекенжайына барып, күдіктіні ұстайды.

Бұл менің Отанға ант берген әскери қызметкер ретіндегі міндетім. Менің орнымда болған барлық ұландықтар осылай жасаушы еді. Ең бастысы, күдікті қолға түсті, - дейді сақшы

Өзгелердің жаңалығы