Атырауда СOVID-19 вирусынан тағы 6 адам жазылып шықты

22 Сәуір 2020, 16:42
1617
Бөлісу:
Атырауда СOVID-19 вирусынан тағы 6 адам жазылып шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Атырауда бұған дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 6 адам жазылып шықты. Бұл туралы Атырау облысындағы Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штабта хабарлады.

Олардың арасында 1969 жылы туған əйел жəне 1960, 1983, 1986, 1989, 2002 жылы туған ер адамдар бар. Инфекциондық аурухананың бұрынғы емделушілері өздерін жақсы сезінуде, - делінген хабарламада.
2020 жылғы  22 сəуірдегі жағдай бойынша Атырауда қауіпті инфекциядан сауығып шыққандар саны 29 адамға жетті. 

Өзгелердің жаңалығы