Атырауда Республика күніне орай республикалық ақындар айтысы өтті

20 Қазан 2022, 09:10
1794
Бөлісу:
Атырауда Республика күніне орай республикалық ақындар айтысы өтті
PHOTO

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында 25 қазан - Республика күніне орайластырылған «Егемендігім - ерен елдігім» атты республикалық ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оған Шығыс Қазақстан облысы, Батыс Қазақстан облысы, Абай, Павлодар, Қостанай, Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау облыстары мен Астана қаласынан 16 ақын қатысты. 

Атырауда Республика күніне орай республикалық ақындар айтысы өтті

Суырып салма сөз жарысын облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев ашып беріп, төл өнерді төрге сүйреген ақындарға сәттілік тіледі. Шарада аймақ басшысы Серік Шәпкеновтің атынан өңірде айтыс өнерін кеңінен насихаттап жүрген Қойшығұл Жылқышиев, Амангелді Есенғалиев, Саадат Нұрманов, Шалқарбай Ізбасаров, Мүтиғолла Ғани, Шынарбек Қабиев сынды ақындарға Алғыс хат табысталды. 

Атырауда Республика күніне орай республикалық ақындар айтысы өтті

Атырау өңірінде бастау алған республикалық ақындар айтысының орны ерекше. Өйткені бұл айтыс - 13 жылдан кейін мемлекеттік мереке ретінде қайта бекітілген Республика күніне арналып отыр. Бүгінгі айтыс табысты болып, халықтың мұң-мұқтажы жырланып, көптің көкейінде жүрген мәселелер жырланады деген сенімдемін. Қазақтың қанына сүтпен бітіп, сүйекке сіңген өнерін кеңінен насихаттап жүрген айтыскерлерге сәттілік тілеймін,-деді Ж.Бисембиев.

Атырауда Республика күніне орай республикалық ақындар айтысы өтті

Жыр жампоздарының сайысына Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мереке Құлкенов, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіпбек Айтұлы, Қадыр Мырза Әли атындағы Батыс Қазақстан облыстық мәдениет және өнер орталығының директоры, ақын Бауыржан Халиолла, «Атырау-Ақпарат» ЖШС Бас директорының орынбасары Исатай Балмағамбетов қазылық етті.

Атырауда Республика күніне орай республикалық ақындар айтысы өтті

Ақындар Республика күні, тәуелсіздік, бірлік тақырыптарын қозғап, Атыраудың экологиясын, жол мәселесін көтерді.

Атырауда Республика күніне орай республикалық ақындар айтысы өтті

Аламан айтыстың бас бәйгесін Айбек Қалиев (Қостанай облысы) иеленді. Жеңімпазға 1 млн 500 мың теңге ақшалай сыйлық берілді. І орынды Серікбол Панабердиев (Атырау облысы) қанжығасына байлады. Сыйлық қоры 1 млн теңге. Ал ІІ орын 700 мың теңге жүлдесімен Нұрболат Нұғманов (Атырау облысы) пен Серік Қуанғанға (Шығыс Қазақстан облысы) бұйырды. ІІІ орын 500 мың теңге жүлдесімен  Рүстем Қайыртайұлы (Абай облысы), Сырымбек Сәрсенбаев (Атырау облысы) пен Батыржан Кәдірбайға (Атырау облысы) бұйырды. 

Сондай-ақ Жұлдыз Қожабекова (Ақтөбе облысы ) мен Жансая Мусина (Батыс Қазақстан облысы) арнайы жүлдеге ие болды. Жүлде қоры 400 мың теңге. 

Өнербек Дәулекенов (Атырау облысы), Аспанбек Шұғатаев (Павлодар облысы),  Алшынбек Мұқанғалиев (Атырау облысы), Нұрбейбіт Нұғыманов (Атырау облысы), Ержан Әміров (Қызылорда облысы), Дидар Аббас (Жамбыл облысы) мен Олжас Отарға (Астана қаласы) ынталандыру сыйлығы (300 мың теңге) мен Алғыс хат берілі.

Өзгелердің жаңалығы