Атырауда парадзюдодан Азия чемпионаты өтеді

6 Қыркүйек 2019, 08:31
1190
Бөлісу:
Атырауда парадзюдодан Азия чемпионаты өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5-8 қыркүйекте зағип жандарға арналған халықаралық спорт федерациясының (IBSA) күнтізбесіне сәйкес Атырау қаласында дзюдодан лицензиялық Азия және мұхит аралдары чемпионаты өтеді. Бұл туралы Қазақстанның дзюдо федерациясы хабарлады.

Аталмыш құрлықтық біріншілікте жеңімпаз бен жүлдегер атанған спортшыларға Паралимпиадалық рейтингте ұпай сандары қосылады.

Атырау татамиінде тұңғыш рет өткізілетін байрақты бәсекеге Австралия, Қытай, Индонезия, Үндістан, Иран, Жапония, Қырғызстан, Оңтүстік Корея, Моңғолия, Шри Ланка, Тайланд, Тайвань, Өзбекстан және Қазақстаннан 150-ге жуық спортшы қатысады деп жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы