Атырауда оқушыларының 100%-ға жуығы грантқа түскен мектеп бар

8 Тамыз 2023, 17:41
836
Бөлісу:
Атырауда оқушыларының 100%-ға жуығы грантқа түскен мектеп бар
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Атырауда бір мектептің 88% түлегі грантқа түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау қаласы «Зияткер» мектеп-лицейінде білім алған 32 түлектің 28-і, яғни 88%-ы мемлекеттік грант иегері атанды.

Айта кетейік, 2022-2023 оқу жылында облыстың 211 білім беру мекемесінде 11 сыныпты 6 081 оқушы аяқтады. Олардың 159-ы - Алтын белгі иегері.

Елімізде 2023-2024 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларының топтары бөлінісінде жоғары білімі бар кадрларды даярлауға 88 мыңнан астам мемлекеттік грант бөлінді.

Сонымен қатар халық тығыз қоныстанған батыс және жаңадан құрылған өңірлердің жастарын жетекші жоғары оқу орындарында оқыту үшін 5 000 нысаналы грант, оның ішінде Атырау облысына 1 500 нысаналы грант бөлінді. Ал Атырау облысы әкімі грантының саны - 240.

Айта кетейік, жақында грантқа оқуға түскендердің тізімі жарияланған болатын.

Өзгелердің жаңалығы