Атырауда қолайсыз метеожағдай қалыптасады

16 Қазан 2019, 08:31
2530
Бөлісу:
Атырауда қолайсыз метеожағдай қалыптасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 16 қазан күні Атырау қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауаның ластануы күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-дан хабарлады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстанның басқа қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Өзгелердің жаңалығы