Атырауда мүмкіндігі шектеулі 200 бала тегін демалады

4 Қыркүйек 2019, 21:35
1224
Бөлісу:
Атырауда мүмкіндігі шектеулі 200 бала тегін демалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 22 қыркүйекте «Мекен» демалыс орнында ерекше балалардың отбасылары үшін мерекелік шара ұйымдастырылады, деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Жомарт жүрек» конкурсы жеңімпаздарының қатысуымен өткен брифингте қайырымдылық шарасы туралы айтылды.

"Біз аймақтағы кәсіпкерлермен бірге мүмкіндігі шектеулі балаларды қуанту мақсатында демалыс ұйымдастыруды жөн көрдік. Балалар мен олардың ата-аналары жақсы тынығады деген ойдамыз. Сонымен қатар, қайырымдылық шарасы аясында біз осы балаларға арналған арнайы тренажер құралдарын сатып алуды жоспарлап отырмыз. Алдағы уақытта да мұндай шараларды жүйелі түрде ұйымдастыратын боламыз", - деді «Жыл меценаты» номинациясының жеңімпазы Айбар Жаниязов.
Өзгелердің жаңалығы