Атырауда мекемелер бюджеттің 3,5 млрд теңгесін тиімсіз жұмсаған

23 Сәуір 2023, 05:45
668
Бөлісу:
Атырауда мекемелер бюджеттің 3,5 млрд теңгесін тиімсіз жұмсаған
Фото: egemen.kz

Атырауда мемлекеттік мекемелер бюджеттің 3,5 млрд теңгесін тиімсіз жұмсаған. Бірақ қажетті жабдық толық алынбаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тексеру комиссиясы жылумен қамту мекемесінен осындай олқылықтарды анықтады. Мұнан бөлек 1 млрд теңгеден астам ақша дұрыс жоспарланбаған. Тағы 92 млн теңге тиімсіз жұмсалған. Мемлекет қаржысын ысырап қылғандардың қатарында энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы мен оның қалалық бөлімі бар. Сондай-ақ құрылыс бөлімі мен тұрғын үйге коммуналдық қызмет көрсететін серіктестіктің де бұл іске қатысы бары анықталды. Ең сорақысы, кей мекеме балансында жоқ ғимараттарды жөндеуге қыруар ақша бөліпті. Қалалық құрылыс бөлімі қаржыны дұрыс жоспарламағандықтан, Талғайраң ауылындағы тұрғын үй кешеніне жылу қазандығы орнатылмай қалған. Енді жауаптылар бұл олқылықтардың орнын толтыруға міндетті.

Әзірлік паспортын алу үшін тиісті құжаттар ұсынылмаған. Ұсынылмаса да жүйелері қосылған. 2020-2022 жылы пункттер бойынша сарапшы ұйымдары энергетикалық сараптама жүргізбеген. Бухгалтерлік есеп бойынша 2020 жылы 200 млн, 2021 жылы 1млрд 637 млн теңгені бухгалтерлік есепте бұрмаланып көрсетілгендігі анықталды, - деді облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Аслан Құмаров.

Өзгелердің жаңалығы