Атырауда көктемгі балық аулау маусымы басталды

26 Наурыз 2021, 23:19
1531
Бөлісу:
Атырауда көктемгі балық аулау маусымы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Наурыз айының 24-інен Жайық-Каспий бассейіні бойынша көктемгі балық аулау маусымы басталды, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Атырау облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлының айтуынша, көктемгі балық аулау маусымына 18 балық шаруашылығы кәсіпорындары жұмырылды. Оның екеуі – бекіре балық өсіру зауыты. 

Жайық-Каспий бассейіні бойынша биылғы көктемгі мауысымда табиғат пайдаланушылар 13 000 тоннаға жуық балық аулауы тиіс. Балық аулау маусымында 4500-ге жуық адам тұрақты және маусымдық жұмыспен қамтылады, – деді балық шаруашылығы басқармасының басшысы.

Өзгелердің жаңалығы