Атырауда «Қайырымды істер марафоны» жобасы жалғасып жатыр

29 Шілде 2021, 20:35
3108
Бөлісу:
Атырауда «Қайырымды істер марафоны» жобасы жалғасып жатыр

 

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысында Тәуелсіздіктің  30 жылдығы қарсаңында спорт кешендері, медициналық орталықтар ашылып, жаңа пәтерлер де табысталып жатыр.  

Жыл басынан бері жүздеген мәдени іс-шаралар, онлайн форматта ғылыми практикалық конференциялар мен спорттық сайыстар өткізілді. Атырау облысы ішкі саясат басқармасы аймақтағы ауқымды шаралармен таныстырды.

Облысымызда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында 107 тармақтан тұратын облыстық іс-шаралар жоспары әр айға сәйкес тақырыптық атауларымен бекітілді. Жыл басынан бері 387 іс-шара іске асырылды. «Қазақстанның жаһандық бастамалары. Халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі» атауымен аталып, азаматтық қоғам өкілдері мен қазақстандық ғалымдардың қатысуымен республикалық ғылыми-практикалық онлайн конференция, «Қазақстанның жаһандық бастамалары. Халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлес» атты онлайн-дәрістер мен сынып сағаттары, «Ұшқыр ой алаңы» атты облыстық пікірталас турнирі өтті. «Қазақстан - спорттық ұлт» атауымен жастарды спортқа тарту мақсатындағы ұлттық спорттық-бұқаралық шаралары ұйымдастырылды. Сонымен қатар «30 игі іс» қайырымдылық марафоны бастау алды. «Қайырымды істер марафоны» республикалық жобасы аясында 260 іс-шара жүзеге асырылып, 4735 адамды қамтылды. Жылыой ауданында «Сүлеймен» заманауи үлгідегі спорт кешені, Атырау қаласында 280 орындық балабақша, маммологиялық орталық, студенттерге арналған 150 орындық колледж жатақханасы 72 пәтерлі үй пайдалануға берілді, - дейді Атырау облысы ішкі саясат басқарма басшысының міндетін атқарушы Злиха Таласбекова. 

Ішкі саясат басқарма басшыларының айтуынаш көптеген шаралар онлайн форматта өтеді. Екінші жарты жылдыққа жасақталған шаралармен де таныстырды.

 

Екінші жарты жылдықта жоспарға сәйкес 61 іс-шара, «Тәуелсіздікке 30 жыл: жетістіктер мен келешегі» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция, «Тәуелсіздік құндылықтары» атты салтанатты шара, «Тәуелсіз елдің ұрпағы» атты облыстық жас ақындар айтысын тағы басқа кең көлемдегі шараларды ұйымдастыру жоспарлануда. Офлайн өтетін шаралардың барлығы санитарлық талаптар қатаң сақталады,-дейді Злиха Таласбекова.
 

 

Сондай-ақ, облыста «Қайырымды істер марафоны» жобасы жалғасып жатыр. Мұны Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығының ұйымдастыруда.

Өңірде «30 игі іс» акциясы өткізіліп, 2 000-нан астам көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі балаларға, жалғызбасты аналарға кәсіпкерлердің көмегімен қаржылай сертификаттар табысталды.Демеушілердің қолдауымен Жылыой ауданындағы мүмкіндігі шектеулі 60 балаға 20000 теңгелік азық-түлік сертификатын табыстаса, өрт салдарынан баспанасыз қалған отбасыларға «Каспийская кадровая Ассоциация» ЖШС-і мен «TAMEEN» ЖШС-і қаржылай көмек көрсетті. «Атырау Инстрой» мекемесі демеушілікпен көп балалы отбасыға Атырау қаласынан 2 бөлмелі пәтер сыйлады. Сондай-ақ, Атырау қаласының тұрғындары үшін алғаш рет «SattiDAY» қайырымдылық жобасы өтті. Қала тұрғындары бір күн бойы нан, ет және кондитерлік дүкендері, шаштараз бен киім дүкендері, тігін шеберханалары, ұялы телефон жөндеу қызметі, тамақ ішу орындары, спорт клубтары, психологиялық көмек, құқықтық кеңес, логопед мамандарынан консультация қызметін тегін және жеңілдік бағада қолдана алды. Аталған бағыттағы әртүрлі жобалар жалғасын табатын болады,-дейді Атырау облысы бойынша «Азаматтық альянсы» ЗТБ филиалының атқарушы директорының орынбасары Дана Жайлаубаева. 



 

Өзгелердің жаңалығы