Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Атырауда ғимараттан ер адамның мәйіті табылды

2 Наурыз 2025, 18:16
1166
Бөлісу:

Атырауда қараусыз қалған ғимараттан ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Atyrauoil Telegram-арнасына сілтеме жасап.

1 наурыз кешкі уақытта Сырым Датов көшесіндегі қараусыз ғимараттардың бірінен үй-күйсіз адамның мәйіті табылған. Қазіргі таңда марқұмның жеке басы анықталып жатыр.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен медицина мамандары келген. Құқық қорғау органдары тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады, — делінген хабарламада.

Алдын ала болжам бойынша, ер адам суықтан үсіп көз жұмған болуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы