Атырауда 29 сәуір күні 46 жастағы әйелді өлтірді деген күдікпен 37 жастағы ер адам ұсталды. Марқұм өз пәтерінен өлі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Полицияның баспасөз қызметінің мәліметінше, 1987 жылы туған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Одан заттай дәлелдемелер тәркіленген.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады полициядан.
Көршілерінің айтуынша, ұсталған азамат осы үйде сантехник болып жұмыс істеген. Марқұм жалғыз тұрған.
Еске салайық, бұған дейін желіде Атыраудағы элиталық тұрғын үй кешенінде әйелді өлтіріп, үйін тонап кеткені туралы ақпарат тараған.