Атырауда бірнеше шағынауданда жарық сөніп қалды

3 Шілде 2023, 19:53
852
Бөлісу:
Атырауда бірнеше шағынауданда жарық сөніп қалды

Атырау қаласының бірнеше шағынауданында жарық сөніп қалды. Бұл деректі Атырау облысының энергетикалық кешенінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Атырау қаласында Жайық өзенінің сол және оң жағалау бөлігіндегі «Балауса», «Ракуш», «Лесхоз», «Авангард» пен «Нұрсая», «Жерұйық» шағынаудандарында апаттық жағдай тіркелді. Соған байланысты уақытша жарық болмайды. Апаттың себебі анықталып, қалпына келтірілген соң жарық толықтай беріледі, - деп хабарлады энергетикалық кешеннің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желідегі ақпаратқа қарағанда, мұнайлы шаһардағы «Ақсай», «Жұлдыз», «Көктем», «Балықшы» шағын аудандарында да жарық өшкен.

Электр қуатының жоқтығынан бағдаршамдар істемей қалған. Сол себептен, кейбір көшелердің қиылысында көлік кептелісі байқалды.

Өзгелердің жаңалығы