Атырауда бір мотоциклді екі автокөлік соққан

15 Шілде 2022, 00:25
1890
Бөлісу:
Атырауда бір мотоциклді екі автокөлік соққан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда бір мезетте екі автокөлік соққан мотоцикл жүргізушісі қаза тапты.

Атырау қаласында 14-шілде күні астана уақытымен 22:00 шамасында жол апаты болды. Шаһардың Владимирский көшесінде Toyota Camry автокөлігі бұрылып жатып, қарсы бағыттағы Honda маркалы мотоциклді соққан. Мотоцикл қатты соққыдан ұшып барып екпінмен келе жатқан ВАЗ-2114 көлігіне соғылған.

Атырау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты салдарынан 1989 жылғы азамат аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмған.

Жол апатына қатысты тергеу амалдары басталған.

Өзгелердің жаңалығы