Атырауда бір күнде жол жиегіне 1 мың көшет егілді

22 Қазан 2023, 14:36
754
Бөлісу:
Атырауда бір күнде жол жиегіне 1 мың көшет егілді
Фото: Атырау облысы әкімдігі

Атыраудағы Жаңаталап ауылына қатынайтын тас жолдың жиегіне 1 мың көшет егілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» республикалық акциясы аясында көшет егу сенбілігіне 300-ге жуық адам қатысты. Мемлекеттік мекемелер қызметкерлері, қоғам белсенділері мен тұрғындар үйеңкі, қарағаш, шаған көшеттерін екті. Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұрлан Жантоқовтың мәліметінше, 2025 жылға дейін 540 мың көшет егу жоспарланған. Атырау олысында елді мекендерді көгалдандыру мен жасыл аймақ құрудың 2021-2025 жылдарға арналған өңірлік жоспары бар. Соған сәйкес 275 гектар аумаққа 540 мың көшет егіледі. Биыл жоспарға сәйкес 54,7 гектарға 111 мың 42 көшет егу жоспарланды. Көктемгі науқанда 18 гектарға 19 мың 500 көшет егілді. Енді күз айларында бұл жұмыс жалғасып жатыр, -деді Нұрлан Жантоқов.

Оның айтуынша, Атырау облысында орман алқабында көшет егу мен молайту бағытында кешенді жоспары жасалған.

Жоспар бойынша 5 жыл ішінде 2 803 гектар орман алқабына 7 миллион көшет егу көзделді. Соған сәйкес 2023 жылы 573,5 гектар жерге 1 миллион 439 мың көшет егу жоспарланған еді. Көктемгі мезгілде 361,5 га жерге 931 мың көшет егілді. Бұл жұмыс әлі жалғасады, -деді Нұрлан Жантоқов.

Өзгелердің жаңалығы