Атырауда базар өртенді

19 Желтоқсан 2020, 13:10
2175
Бөлісу:
Атырауда базар өртенді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін түнде Атырау қаласының «Дина» сауда базарының 3 420 шаршы метр аумағы өрт құрсауында қалды.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 19 желтоқсанда сағат 01.41-де болған.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде екі қабатты бутиктердің өртенгені анықталды. Төтенше жағдайлар бөлімі (63 қызметкер және 11 техника бірлігі), «Өрт сөндіруші» АҚ (3 қызметкер және 1 техника бірлігі), ДП (50 қызметкер және 20 техника бірлігі), 5546 әскери бөлімі (52 әскери қызметші және 3  жабдық бірлігі) оқиға орнына барды, - деді ТЖМ-нің ресми өкілі Талғат Уәли.

Өрт сағат 04.25-те сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ.

Өзгелердің жаңалығы